Премиум-класс автокөлік бренді Lynk & Co ресми түрде Қазақстан нарығына шығады
![]()
Автокөлік тобы Orbis Auto Қазақстанда Lynk & Co маркалы автокөліктердің алғашқы және жалғыз ресми дистрибьюторы болды. Қытайда Қазақстандық ЖШС Orbis Auto құрамындағы Lynk Auto мен Geely Holding Group құрамындағы Lynk & Co компаниясы арасында тиісті серіктестік келісімге қол қойылды.
![]()
Lynk & Co маркалы алғашқы ресми жеткізілетін автокөліктер 2025 жылдың екінші тоқсанында сатылымға шығады. Сатып алушыларға екі модель ұсынылады: Lynk & Co 03 – 2.0 литрлік бензиндік қозғалтқышпен жабдықталған спорттық седан, заманауи дизайн, озық технологиялар және жоғары жүргізу сипаттамаларын біріктіреді. Lynk & Co 09 – жұмсақ гибридтік технологиясы бар премиум-класс кроссовер, кең және ультра-комфортты салон, жоғары жабдықталу деңгейі және инновациялық қауіпсіздік жүйелерімен ерекшеленеді. Екі модель де Астана, Алматы және Шымкент автосалондарында ұсынылады. Жақын арада модельдік қатарды кеңейту жоспарланып отыр.
Бастапқы кезеңде Қазақстанда Lynk & Co және Zeekr брендтері Orbis Auto автокөлік тобының Zeekr дилерлік орталықтарында қолжетімді болады, бұл бірыңғай сатылым стандарттарын қамтамасыз етеді. Orbis Auto автосалондарынан ресми түрде сатып алынған барлық Lynk & Co автокөліктері үшін сервис және кепілдік қызметтер көрсетіледі.
![]()
Orbis Auto автокөлік тобының бас директоры Динара Искакова атап өткендей, Lynk & Co – жай ғана автокөлік бренді емес. Бұл жаңа буын мобильділігінің символы, инновацияларды, комфортты және озық технологияларды біріктіреді.
«Lynk & Co автокөліктері стильді, динамикалық және жоғары комфортты бағалайтын қазіргі заманғы жүргізушілер үшін жасалған, сондай-ақ жеке стильді бағалайтындар үшін арналған. Lynk & Co өз жарық, бірақ үйлесімді дизайнымен басқа автокөліктерден айқын ерекшеленеді. Брендтің ресми түрде Қазақстан нарығына шығуы автокөлік сүйер қауымға автокөлікке ие болу концепциясына жаңаша көзқарас беріп, дәстүрлі жоғары деңгейдегі сервистен ләззат алуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Динара Искакова.
![]()
Өз кезегінде Zeekr компаниясының вице-президенті Марс Чен келісімге қол қою рәсімінде Қазақстан нарығының маңыздылығын және Orbis Auto таңдауының мәнін атап өтті:
«Lynk & Co және Zeekr компанияларының бірігуі біздің жаһандық позицияларымызды нығайтудағы келесі қадам болды. Orbis Auto автокөлік тобы ресми дистрибьютор ретінде біздің жаһандық стратегиямызда негізгі рөл атқарады. Бірлесіп біз қазақстандық сатып алушыларға заманауи және жоғары технологиялы автокөліктерге қолжетімділік ұсынып, брендтің әлемдік стандарттарына сәйкес премиум қызмет көрсетуге мүмкіндік береміз», – деді Марс Чен.
![]()
2016 жылы іске қосылғаннан бері Lynk & Co Қытай нарығына 10 модель шығарды, сонымен қатар Cyan Racing командасымен WTCR кузовтық жарыстарында 7 чемпиондық атаққа ие болды. Бүгінгі күні Lynk & Co 1,3 миллионнан астам автокөлікті жеткізді. 2025 жылдың басында Lynk & Co Zeekr Group құрамына кіріп, жаңа буын премиум-класс глобалдық бренді ретінде жаңа энергия көздері саласында жұмыс істей бастады.